- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Н.Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар әні» сериалы түсірілді (ФОТО)
Қазақстанда Н.Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар әні» сериалы түсірілді (ФОТО)
Ал «Құстар әнi» телехикаясының режиссерi Рашид – Адай Сүлейменов фильмге қатысқан барлық әртiстердi атады.
«Фильмге Ергенбай Әбуев, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев, Бақытжан Әлпейiсов, Михаил Токарев және Меруерт Түсiпбаева сынды танымал әртiстер қатысты. Мысалы Бақытжан Әлпейiсов осы фильмде алғаш рет жағымсыз рөлдi сомдады. Фильмдегi көрiнiс 80-жылдарды көрсетедi. Өз басым осы фильмдi түсiру барысында ұлттық музыка мен аспаптар туралы көп нәрсе бiлдiм», - дейді Рашид-Адай Сүлейменов.
Әр серияның хронометражы 50 минуттан. Фильм қазақ және орыс тiлдерiнде «Хабар» арнасында 15 желтоқсан күнi сағат 21:30-да көрерменге жол тартады.
Сондай-ақ арнада 20 желтоқсанда «Ақылдың кiлтi. Өмiр дастаны» телеэпопеясы халық назарына ұсынылмақ. Туынды қазақ ақыны, философ, ағартушы Абайдың 170 жылдығына орай түсiрiлген. 12 сериялы фильмнiң негiзi – оның қара сөздерi. Картина режиссерi – Мұрат Бидосов. Бұл фильмде де елiмiздiң танымал актерлерi ойнайды.
Көрсетiлімде сөз алған «Хабар» агенттiгiнiң Басқарма төрағасы Айдос Үкiбаев арнаның жұмысы мен алдағы жоспарларына тоқталды.
«Құстар әнi» фильмі аты аңызға айналған дирижер Нұрғиса Тiлендиевтiң 90 жылдығына арнайы түсiрiлген және шынайы оқиғаларға негiзделген. Арнамыз Бауыржан Момышұлы, Күләш Бәйсейiтова туралы фильмдер көрсеттi. Ендi Шәмшi Қалдаяқов, Балуан Шолақ пен басқа да танымал тұлғалар туралы фильм түсiру жоспарда бар. Сондай-ақ, Абайдың қара сөздерiне негiзделiп түсiрiлген туындыларды одан әрi жалғастыруды көздеп отырмыз», - дейді «Хабар» агенттiгiнiң Басқарма төрағасы.
Алдын-ала көрсетiлiм барысында Бауыржан Исаев ән шырқап, Қарақат Әбiлдина мен шәкiрттерi «Құстар әнiн» орындады.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады