- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2016 жылдың бюджеті бекітілді
Алматыда 2016 жылдың бюджеті бекітілді
«Бюджет жобасы Алматының даму параметрлері мен қаланың 2016-2020 жылдарғы даму Бағдарламасының көрсеткіштері негізінде жасалды. 2015 жылдың ЖӨӨ көлемі 8,9 трлн. теңге деңгейінде, өсім 2,5%. Осы динамиканы ескере отырып 2016-2018 жылдарға болжам жасалды», - деп атап өтті Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.
Жиын барысында 2016 жылы жергілікті бюджет шығындары, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерін есептемегенде 253 млрд. 374 млн. 499 мың теңгені құрайды, оның ішінде: ағымдағы шығындар - 132 млрд. 113 млн. 495 мың, жергілікті атқару органының резерві - 2 млрд. 340 млн. 966 мың, бюджеттік алым - 97 млрд. 684 млн. 008 мың, даму бюджеті - 11 млрд. 012 млн. 030 мың, жергілікті бюджет есебінен бюджеттік дамудың мақсатты транферттерін қаржыландыру шамамен 10,2 млрд. теңге.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертеңгісін «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген мәжілісінде Алматы мәслихатының жергілікті бюджеттік комиссиясы «нұротандықтардың» маңызды салаларға қосымша 12,3 млрд. теңге бөлу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қаржы қаладағы өзекті мәселелерге бөлінеді, олар: қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге - 2,9 млрд.; бұқаралық спортты дамытуға - 500 млн., өткен жылмен салыстырғанда 20 есе көп; қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытудың өтпелі жобаларына - 7,2 млрд. және әлеуметтік нысандарды салуға - 1,7 млрд. тенге.
Бюджетті дамытудың жергілікті бюджет есебінен мақсатты трансферттерді қаржыландыруға шамамен 10,2 млрд. теңге бөлінеді. Мегаполис басшысы жалпыәлемдік экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан шығындарды оңтайландыру әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты.
«Мен сіздердің естеріңізге тағы да салғым келетіні, шығындардың 50% астамы қалалықтардың өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалатын болады, олар- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау. Сонымен қатар, 146 млрд теңгені біз орталықтан трансферт ретінде аламыз. Осылайша, Елбасының тікелей қолдауы арқасында біздің қаламызға үлкен көмек көрсетілуде», - деп атап өтті әкім.
-
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты