- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Жастар есірткіге қарсы» іс-шарасының қорытындысы шығарылды (ФОТО)
Қазақстанда «Жастар есірткіге қарсы» іс-шарасының қорытындысы шығарылды (ФОТО)
Іс-шара мақсаты – жастардың назарын есірткі қаупіне аудару және оның салдары, оларды пайдаланудан шеттелу маңыздылығы туралы мағлұмат беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын жүргізу қағидаттарын қалыптастыру.
Іс-шаралар нысаналы аудиторияға ұйымдастырылған: студенттер және оқушылар.
Осы жас санатын таңдау жасөспірімдер мен жастар әртүрлі деструктивті ықпалдар үшін осал болып келетініне байланысты.
Барлық акцияларға қазақстан спортының жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, әншілер белсенді қатысты, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының врач-наркологтары, психиатрлары, мамандары тартылды.
Астана қаласында 10 желтоқсанда Қазақ мемлекеттік заң университетінде бір уақытта бүкіл республика бойынша ұйымдастырылған акцияның қорытынды сатысы өтті.
Нашақорлар ортасына тартылуына жол бермеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЕБҚКД қызметкерлері есірткіге қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетті.
Есірткінің зияны және оның адам психикасына ықпалы туралы баяндамамен Астана қаласының Медициналық әлеуметтік оңтайландыру орталығының дәрігер-наркологы сөз сөйледі.
Іс-шара аяқталған кезде атақты қазақстандық әншілердің Бауыржан Исаевтің, Ерлан Көкеевтің орындауында эстрадалық өлеңдер орындалды.
Жас қазақстандық орындаушы Луина өзінің есірткіге қарсы ұстанымын, сондай-ақ ІІМ ЕБҚКД басшылығына «Жастар есірткіге қарсы» профилактикалық акциясын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады