Сенаторлар пошта саласының мәселелерін талқылады

10 Желтоқсан, 2015 19:02
Парламент Сенатында«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мәселелері».«Ауыл-аймақтарға пошталық қызметтер көрсетудің болашағы мен мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болды, деп хабарлады Сенат.

 «Өңір» депутаттық тобы ұйымдастырған іс-шараға сенаторлар, Инвестициялар және даму министрлігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және «Қазпочта» АҚ-ның өкілдері қатысты. «Өңір» депутаттық тобынының жетекшісі Михаил Бортник дөңгелек үстелді аша келіп, осы шараға дайындық аясында сенаторлар «Қазпоштаның» Астанадағы ахуал орталығында болып, компания басшылығымен кездескенін атап өтті.

«Өңір» депутаттық тобының мүшелері пошта қатынастары, коммуналдық және өзге де төлемдерді қабылдау, әсіресе, ауылдық жерлерде ерекше қажет болып отырған зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ету және басқа да қаржы қызметін көрсету саласындағы ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Сенат Төрағасы Қайрат Ищанов қызмет көрсету аясының кеңеюіне, қазіргі заман технологияларын енгізу және оператордың материалдық базасын нығайтуға байланысты пошта саласының оң өзгерістеріне тоқталды. Сонымен бірге, баяндамашының айтуынша, шешілмеген мәселелер де бар.

Төраға орынбасары Үкімет Парламентке «Пошта туралы» жаңа заң жобасын енгізгені туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті. Бұл құжат қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін ұйымға енгізу арқылы пошта саласын одан әрі дамыту мақсатында әзірленген болатын. Негізгі баяндама жасаған «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин компания қызметіндегі қаржы мәселелері туралы әңгімеледі. Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Сәкен Сарсенов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың сөздері саланы трансформациялаудың келешегіне арналды. Пікірсайысқа Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен Бекмырза Еламанов қатысты.

 

 

Барлық жаңалықтар