• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елімізде 399 км жол пайдалануға беріледі

Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елімізде 399 км жол пайдалануға беріледі

10 Желтоқсан, 2015 20:07
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елімізде 399 км жол пайдалануға беріледі, деп хабарлады ИДМ.

Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде республикалық маңызы бар 399 км жол пайдалануға беріледі, оның ішінде:Орталық-Шығыс дәлізі бойынша 100 км, оның 33 км I –техникалық санаттағы 4 жолақты цемент-бетон жабындысы төселген;Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша Алматы-Қапшағай  учаскесінде 62 км жол. Цемен-бетон жабындысы төселген, I –техникалық санаттағы 4 және 6 жолақты;Көкшетау-Петропавл  учаскесі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 30 км, II –техникалық санаттағы асфальтбетон жабындысы төселген,  Алматы –Өскемен автожолы бойынша, Талдықорған және Қапшағай арасындағы 53 км аяқталды;Таскескен-Бақты автожолы бойынша 80 км. II –техникалық санаттағы асфальтбетон жабындысы төселген; Омбы-Павлодар-Майқапшағай автожолы бойынша Омбы мен Павлодар арасындағы соңғы 59 км аяқталды;Жезқазған-Петропавл автожолында Сәтпаев қаласын айналып өтетін ұзындығы 15 км жолдың құрылысы аяқталады.

Аталған учаскелердегі жұмыстар белгіленген мерзімде орындалды. Құрылыс жұмыстарына жаңа технологиялар қолданылды. Пайдаланылған материалдардың  90 % отандық. Сонымен бірге аталған учаскелер 5 жыл бойы мердігердің кепілдігінде болады. Осы аралықта қандай да бір ақаулар пайда болса, оны мердігер компания өз есебінен жөндейді.

 

Барлық жаңалықтар