- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушыларының Ассамблеясына қазақстандық делегация қатысты
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушыларының Ассамблеясына қазақстандық делегация қатысты
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны (IACA) Австрия Үкіметі 2010 жылы БҰҰ-ның есірткі мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Басқармасымен ынтымақтастықта ұйымдастырған болатын және БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) және Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекеттер тобының (ГРЕКО) жанындағы қадағалаушы мәртебесі бар халықаралық ұйым болып табылады.
Бұл ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибе, әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау орталығы функцияларын орындайды, сондай-ақ аталған салада ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қазіргі уақытта 66 ел мен үш халықаралық ұйым оның мүшелері болып табылады. Қазақстан 2014 жылы оның толыққанды мүшесі болды.
Ассамблеяның жұмысына Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның қатысушы елдерінен 200-ден астам делегаттар қатысуда.
Сессия барысында қатысушылар озық тәжірибемен алмасу мақсатында әлемнің жетекші елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аса тиімді стратегияларын, мемлекеттік қызмет саласындағы сәтті реформаларды зерделейді, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелерін және ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін қарастырады. Сонымен қатар Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны одан әрі дамыту мәселелері талқылануда.
Болатбек Абдрасилов өзінің баяндамасында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, заң үстемдігін, мемлекеттің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етуге бағытталған бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ аталған бастама шеңберінде әзірленген жаңа заңнамалық базамен таныстырды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, профилактикасы мен оны ескертуге, оқытуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылатын Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатына жан-жақты тоқталып өтті.
Сапар қорытындысы бойынша Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді