«Эйр Астана» әуекомпаниясы бәсекелестік ортаға шығарылмайды

10 Желтоқсан, 2015 19:34
Бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ірі кәсіпорындардың арасында «Эйр Астана» әуекомпаниясы жоқ. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Әуекомпаниясын сату туралы үшінші тұлғалармен, «QatarAirways» немесе басқа да мекемелермен ешқандай келіссөздер болған емес.

Егер де тағайындалған қазақстандық әуетасымалдаушыға айтарлықтай иелік пен тиімді бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматына тиесілі болмаса, ондай жағдайда әуе байланысы туралы халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқы шектеледі.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз әуекомпания. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды қажет етпейтін, ірі рентабельді кәсіпорын.

Барлық жаңалықтар