• Басты
  • Жаңалықтар
  • СІМ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі ҚР-ның қызметін қорытындылады

СІМ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі ҚР-ның қызметін қорытындылады

10 Желтоқсан, 2015 16:18
Қазақстан 2015 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшесі ретіндегі қызметін аяқтайды. Бұл туралы ҚР СІМ-де Адам құқықтары күніне арнап өткізген дөңгелек үстел барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев хабарлады.

Ол атап өткендей, ҚР тәуелсіздігін алған кезден бастап адам құқықтары мен еркіндігі тұрғысында жұмыс істеп келеді.

«Қазақстан ұдайы халықаралық құқық механизмдерімен ынтымақтастық орнатып келеді. Осы ретте 2012 жылы Қазақстан БҰҰ Адам құқытары жөніндегі кеңесінің құрамына алынуы айтулы шараға айналды.  Ал, енді  2015 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшесі ретіндегі қызметін аяқтайды. Кеңестің мүшесі бола тұра Қазақстан көптеген іс-шараларға, БҰҰ-ның арнайы сессияларына қатысты, үш жыл ішінде көптеген елеулі шараларға демеушілік етті», — деп атап өтті министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Сыртқы істер министрлігінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияда халықаралық Адам құқықтары күніне орай  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Әділет министрі Берік Имашев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимамура, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымы Миссиясы басшысының орынбасары Татьяна Хаджимануэл, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Траян Христеа,  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Наталья Зарудна қатысты.

Барлық жаңалықтар