В. Бобров: кәсіпорындардың 4% ғана қайта жекешелендіруге шығарылған

7 Қараша, 2013 14:30
Депутат, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Владимир Бобров бүгін ОҚК брифингінде сөйлеген сөзінде, заң жобаларын талқылау кезіндегі жүйелік проблемаларға, сондай-ақ кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысты сын-ескертулерге тоқталды.

«Біз заң жобаларын қарау кезінде жүйелік проблемаларға кездесеміз және соның салдарынан енгізілген түзетулер көбейе түседі, және біз оларды Үкіметпен бірлесіп жасаймыз. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алулар туралы заң 15 рет өзгертуге ұшыраса, «Жекеменшік кәсіпкерлік туралы» заң 22 рет, «Сақтандыру қызметі туралы» заң 7 рет өзгертілді, ал ең көп өзгерту жасалған құжат – Әкімшілік кодекс, оған 50 рет өзгертулер енгізілген. Тек қана 2012 жылы «Салықтар, алымдар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер туралы» заңға 20 рет өзгерту енгізілсе, кәсіпкерлік саласындағы заңнаманың қандай тұрақтылығы туралы айта аламыз», - деді депутат өз сөзінде.

«Президент өз сөзінде, қазіргі таңда бізде 6 мыңнан астам мемлекеттік кәсіпорын бар екенін айтқан болатын. Және сол кәсіпорындардың 4% ғана қайта жекешелендіруге шығарылып отыр. Парламент қабырғасында әріптестерім мұндай кәсіпорындарды құру біреулерге тиімді болу ықтималдығын бірнеше рет айтқан болатын. Ондай әрбір кәсіпорынның сыртында нақты адамдар, мемлекеттік қызметкерлер немесе ұлттық компаниялардың өкілдері мен қызметкерлері тұр»,- деді сенатор В.Бобров.

 

 

 

Барлық жаңалықтар