Елбасы М.Алтынбаевты «Барыс» орденімен марапаттады

10 Желтоқсан, 2015 16:12
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Мұхтар Алтынбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында заң шығарушылық қызмет талқыланды.  

Сондай-ақ Мемлекет басшысы М.Алтынбаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында оны I дәрежелі «Барыс» Орденімен марапаттады.  

Барлық жаңалықтар