2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады - Жайымбетов

10 Желтоқсан, 2015 16:08
2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы алаңы 667,3 мың шаршы метр жалға берілетін 11 689 пәтер салуға және сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде 426,7 мың шаршы метр (7228 пәтер) 2015 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде 322 мың шаршы метр баспаны салынып, сатылды», - деп баяндады М.Жайымбетов.

Ал 2016 жылы 240,6 мың шаршы метр (4461 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

 «Отандық құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімдерінің 80%-ы пайдаланылды, 7000-нан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бұдан басқа, үлескерлер қатысатын тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде 2 нысанның құрылысы аяқталды. 1174 үлескер ақша салған 12 проблемалық объекті бақылауда болады. Оларды 2016 жылы салып бітіру жоспарланған», - дейді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

 

 

Барлық жаңалықтар