- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
2015 жылы Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10 Желтоқсан, 2015 15:51
Биылғы жылдың 11 айында Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осындай мәлімет жеткізді.
«Қиын экономикалық жағдайға, сондай-ақ экономиканың көптеген салалары бойынша көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, тұрғын үй құрылысында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өткім келеді», - деді М.Жайымбетов.
Оның хабарлауынша, биылғы жылдың 11 айында тұрғын үй құрылысына 651,3 млрд теңге инвестиция бөлінген, оның ішінде 524,2 млрд теңге немесе 80,5%-ы - жеке инвестициялар.
«Жылдық жоспар бойынша 7,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қажет, ал биылғы жылдың 11 айында 7,7 млн шаршы метр баспана тапсырылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға көп», - дейді М.Жайымбетов.
Комитет төрағасы атап өткендей, бұл республика бойынша 66,4 мың отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік берді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті