• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Алтай Агро Invest - 2015» форумында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге 9 меморандумға қол қойылды

«Алтай Агро Invest - 2015» форумында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге 9 меморандумға қол қойылды

10 Желтоқсан, 2015 18:29
Тиімді жобалардың бірі Ұлан ауданында құс фабрикасының құрылысы болып табылады және ол аудандағы ауыл шарушылығын дамытуға септігін тигізеді.

Оған қызығушылықты ҚХР-дан «San Bao Shengjile» компаниясы қызығушылық танытты.

Бұдан басқа, Аягөз ауданында агроөндірістік кешеннің құрылысы басталады. Үржар ауданында сүт-тауарлы фермесі мен егін алқаптарындағы ирригация желісінің құрылысы, Бесқарағай ауданында ауыл шарушылығы дақылдарын қайта өңдеу бойынша зауыт ашылады. Көкпекті ауданында  ет өңдеу кешені мен мал бордақылау алаңы бой көтереді. Сонымен қатар, аталмыш аймақта ҚХР-ның «Kuitun Tiandao Trade Co.Ltd»  фирмасымен бірлесіп ірі жоба жүзеге асырылады. Яғни, бағалы  балықтар тұқымын өсіру кешенін құру көзделген.

Ал, Абай ауданында Ресей Федерациясының  «Борская фабрика ПОШ»  компаниясымен бірлесіп теріні алғашқы өңдеу және өнім шығару цехын ашу жоспарланған. Зайсан ауданында болса тракторларға сервистік қызмет көрсету орталығы ашылады.  

Барлық жаңалықтар