Алматыда FISU делегациясының өкілдері Универсиада 2017 барысын тексереді

10 Желтоқсан, 2015 15:03
Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері жаңа сайланған Президенті Олег Матыцинмен бірге Қазақстанға іс-сапармен келді. Олар 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға дайындық барысымен танысты, деп хабарлады Универсиаданың баспасөз қызметі.

Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева мен Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруда өзекті мəселелерді талқылады.

«Ұйымдастыру комитетінің басшысымен кездесуде, бұл жоба сəтті болатынын жəне Қазақстан, Халықаралық федерацияның тарихында осы ірі жобаны ұйымдастырудағы сенімді серіктес болып қалатынына сенім білдірдік", - деді Олег Матыцин.

FISU Президенті Универсиаданы өткізудегі Алматының рөлін атап өтті. «Аса жауапкершілік Алматы қаласына түсіп тұр. Өйткені бұл шахарда барлық сайыстар өтеді. Сол себепті Халықаралық федерация мен Алматы əкімшілігінің, қалалық Дирекциямен бірлесе жұмыс туралы мəселерге назар аудардық. Біз Алматы əкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз, өйткені олар осы жоба арқылы Алматыны əлемге танытуды көздеп, осынға шетелдік компанияларды тартып жатыр», - деді FISU басшысы.

FISU басшылығы Алматыдағы Универсиада болашақта өзге Универсиада ойындарына үлгі болатынына сенім білдірді. «Біз бұл спорттық оқиғаны Алматы 2011 жылы қабылдаушы қала болып шешілгеннен бастап күтіп жүрміз. Біз Алматыдағы Универсиада болашақтағы Универсиадаларға үлгі болады деп сенеміз», - деді FISU-дің бас хатшысы Эрик Сэйнтронд.

Өз кезегінде Универсиаданы өткізудегі дирекцияның жетекшісі Əсет Əбдуалиев FISU-мен бірлесе жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«FISU-мен білескен жұмысымыздың жылдам қарқында жүріп жатқандығы қуантады. Ұйымдастыру комитетінің басшылығынан, Алматы қаласының əкімшілігінен, ұлттық федерациялардан қолдау бар. Универсиада ойындары жай ғана жарыс емес, барлық алматылықтарға, Қазақстан жұртшылығына және шетелдік қонақтарға үлкен спорттық мереке болмақ. Универсиададан кейін барлық спорт нысандары халыққа қоджетімді болады», - деді Ə.Əбдуалиев.

Қазір халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері спорттық нысандарда инспекторлық қызмет атқаруда.

Айта кету керек 2011 жылдың 29-шы қарашасында FISU Алматы қаласын 2017 жылғы қысқы Универсиаданың астанасы етіп шешім шығарған еді. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып, Қысқы Универсиада өткізбек. 2014-2015 жылдары Халықаралық студенттер спорты федерациясы Универсиаданың дайындығымен танысып, Алматыда бірнеше кездесулер өткізген. Мəселен, былтыр Халықаралық техникалық комитет (CTI) өкілдері FISU жұмыс сапарымен келіп кетті. Былтыр желтоқсанда FISU-дың конькимен жүгіру спортынан өкілдері Қазақстанға атбасын бұрды. Биылғы жылы қазан айында CTI FISU делегаттары Алматыға екінші инспекциялық сапармен келді.

Барлық жаңалықтар