• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Жолдауы көрінісіндегі Қазақстанның жаңа жаһандық ахуалын қоғам қайраткерлері талқылады

ҚР Президенті Жолдауы көрінісіндегі Қазақстанның жаңа жаһандық ахуалын қоғам қайраткерлері талқылады

10 Желтоқсан, 2015 13:34
БҒМ ғылым комитетінің мемлекет тарихы институты мен Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры бірлесіп «Тәуелсіз Қазақстан: жаңа жаһандық сынақтар» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

«Қазақстан саяси және әскери жағдайда өте күрделі шешімнің алдында тұр. Экономика , саяси қалыптасу кезеңінде ешбір проблема жоқ. Біз үшін басты проблема – бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы», - деді БҒМ ғылым комитетінің мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған.

Айта кетерлігі, конференцияның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның жағдайы мен ҚР Президенті Жолдауы бойынша дамудың болашағы.

«Қазақстан экономикалық қарым-қатынаста жаңа қадамдар жасауда. Алайда, көптеген мәселелер әлемдегі жағдайға байланысты», - деді БҒМ ғылым комитетінің мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары Амангелді Кашқынбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар