Қазпочта бірегей байланыс алаңын даярлады

10 Желтоқсан, 2015 17:41
«Қазпочта» АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаңына біріктіреді, деп хабарлады Қазпочтаның баспасөз қызметі.

«Мемлекетіміздің ақпараттық технологияларының дамуымен, қазақстандықтар қызметтердің көбімен уйден шықпай қолдана алады.www.post.kz Ұлттық электронды поштасы онлайн қызметтердің тізімін көбейтіп, олардың қолдануын ыңғайландырады. Бұл алаң абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған. Жобаның іске асуында, электронды үкімет операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен ынтымақтастығымыз маңызды орын алуда» - деп Бағдат Мусин, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы түсіндірді.

«Бірлесіп қызмет көрсету барысында, www.post.kz пен www.egov.kzарасындағы бірегей қуаттау жүйесі іске асырылады. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде Қазпочта мен электронды үкіметтің қызметтерімен бір есепті жазба арқылы қолдануға болады. Енді мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардың төлнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады» - деп Руслан Енсебаев, «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы мәлімдеді.

Жоба барысында «Қазпочта» АҚ бөлімшелерде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерінің электронды нұсқасын қосады. Енді қазақстандықтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар, клиенттер сәлемдемелердің келер мекенжайын ауыстырып, ыңғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпочта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенде басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.

www.post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операциалырын жүзеге асыруға болады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, Қазақстанда өзіміздің электронды пошта жүйеміз пайда болып, шетельдік электронды пошта жүйелеріне балама ретінде қызмет істеп, барлық мәліметті Қазақстандық серверлерде сақтайтын болады. Ал Қазпочта хаттар мен хабарламаларды жеткізу уақытын үнемдеп, онлайн-трейдинг, постамат, пошталық индекстер, электронды кезек және т.б. қызметтердің белгілігін көтеруге жол ашады.    

 

Барлық жаңалықтар