Қ.Тоқаев: Біздің ортақ мақсатымыз – бюджеттік қаржыны барынша үнемдеу

10 Желтоқсан, 2015 12:23
Біздің ортақ мақсатымыз – барынша бюджеттік қаржыны үнемдеу , деді Сенаттың жалпы отырысында жоғары палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Президент әлемдік экономика мен геосаясатта қалыптасқан күрделі ахуалға талдау жасап, жаһандық сын-қатерлерді табысты еңсерудің тура жолын көрсетіп берді. Әлем елдері жаһандық дағдарысқа төтеп беру үшін барынша талпыныс жасап жатқан кезде Елбасы ұсынған бұл стратегия еліміздің дамуының жаңа деңгейіне бағытталған нақты бағдарлама болып отыр. Экономикалық өсім, табысты реформалар және тұрақты даму біздің кешенді жоспарымыздың басты мақсаттары болмақ. Осыған байланысты Президент таяу уақытта жүзеге асырылуы тиіс бес ауқымды міндетті айқындап берді», - деді спикер. 

Ол атап өткендей, ең бастысы қаржы секторын тұрақтандырып, бюджеттік ақшаны барынша үнемдеу және оңтайландыру.

«Елбасы атап өткендей, бюджеттік шығын қысқартылуы бойынша келген қаржы халық үшін нәтиже көрсетіп жатқан жобаларға бағытталуы керек», - деді Қ.Тоқаев.

Ботагөз Айтжанова
 

Барлық жаңалықтар