Қазақстанда сотталғандық туралы анықтаманы беруді қатаңдату ұсынылуда

10 Желтоқсан, 2015 12:09
Қазақстанда сотталғандық туралы анықтаманы беруді қатаңдату ұсынылуда, деді Қазақстандағы сот реформасы жобасын қолдаушы сарапшы, Бас прокурор жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Сәуле Мектепбаева ОКҚ-да.

«Көптеген анықтамалар саны сотталғандығы бар немесе жоқтығы туралы алынады. Жүргізілетін шаралардың бірі осы сынды анықтама берудің санын қысқарту, себебі балалар мен отбасыға  қатысы жоқ та мамандықтар бар. Ондай жерлерде аталмыш құжаттың қажет жоқ. Сотталғандық институты – ежелгі, советтік институт. Ол батыс елдерінде мүлдем жоқ. Белгілі мамандықтар: педагог, дәрігер немесе өзге мамандандырылған біліктілік жұмысында аталмыш құжат сұралынады», - деді ол.

Спикердің айтуынша, біліктілігі төмен жұмыс болса, бұл жағдайда аталмыш құжат мүлдем керек емес.

«Біз мемлекет алдында өз  жазаларын өтеп, материалдық  шығындарын төлеген адамдарға тағы бір мүмкіндік беруіміз қажет. Олар жазасын өтеген соң ҚР өзге азаматтары сияқты құқылы болуы тиіс», - деді ол.

Барлық жаңалықтар