• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда заңнамалы түрде бұқаралық шараларды өткізу тәртібі бекітіледі

Қазақстанда заңнамалы түрде бұқаралық шараларды өткізу тәртібі бекітіледі

10 Желтоқсан, 2015 12:01
Бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндағандай, құжат спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге байланысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Бұл ретте шараларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құратын болады. Олар шараларды өткізуге тартылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Жеке тұлғалардың мәдениет, дене шынықтыру, спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалып, оларға қойылатын тыйым салулар мен шектеулер кеңейтіледі. Осыған байланысты аталған шараларда тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапқа тарту қарастырлып отыр.

Сондай-ақ, министр атап өткендей, ұйымдастырушылар мен жергілікті атқарушы органдарға шараға қанша адам қатысатынын, олардың жоспарлы санын алдын ала хабарлау жауапкершілігі жүктеледі.

Бұдан бөлек, іс-шаралар өтетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді әкелуге тыйым салынбақ.

Заң жобасы аясында Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске, сондай-ақ «Мәдениет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға түзетулер енгізілді. 

 

Барлық жаңалықтар