• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты - Бас прокуратура

ҚР-да қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты - Бас прокуратура

10 Желтоқсан, 2015 11:57
Қазақстанда ағымдағы жылы қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің басшысы Серікбай Ерімбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Ертең ҚР Бас прокуратурасының ғимаратында «түрме реформасына» арналған ІIІ форум өтеді. Оған 200-ден астам адам қатысады. «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» атты жобаның бастауына арналатын бұл форум бұрын сотталған адамдарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамға реинтеграциялауға бағытталған. Форумға бейнеконференциялық байланыс арқылы жергілікті мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Бас прокуратураның www.prokuror.gov.kz веб-сайты арқылы интернет-пайдаланушылар үшін онлайн-көрсетілім жүргізілмек. ІІІ форумның ұйымдастырушылары – Парламент Мәжілісінің Сот-құқықтық реформа және заңнама комитеті, Жоғарғы Сот, ҚР ІІМ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Кеңсесі және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы», – деді  сөз басында С.Ерімбетов.

Ерімбетов еске салып кеткендей, 2013 жылдың аяғына қарай халықаралық түрмелердің рейтингісінде 35 орында болды. Ол кезде колонияларда шамамен 49 мың жазасын өтеуші болды. Бүгінде нақты нәтижелер туралы айтуға болады.  

«Осы кезеңде «түрме халқы» 25% төмендеді – 52-ден 40 мыңға дейін. Бүгін 100 мың қазақстандыққа 233 қамаудағы келеді. Бұл 90-шы жылдарға қарағанда 2 есе, ал 80-ші жылдарға қарағанда 3 есе аз.   Қазақстан әлемдік рейтингтегі позициясын 55-ші орынға жақсартты.Соттар бас бостандығын айыруға қатысты емес жазаларды кеңінен қолданатын болды, көбінесе бас бостандығын шектеу. Бірақ, бір нәрсеге назар аудару керек. Мақсат тек түрмедегілерді азайту ғана емес. Ол аса ауыр қылмыс жасағандар есебінен болмауы тиіс. Ең бастысы - қоғамдық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуы. Сондай-ақ, елімізде ағымдағы жылы қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты», - деді С. Ерімбетов. 

Барлық жаңалықтар