• Басты
  • Жаңалықтар
  • Технологияны коммерцияландыру аясында инноваторлар 800 млн теңгенің өнімін сатты - БҒМ

Технологияны коммерцияландыру аясында инноваторлар 800 млн теңгенің өнімін сатты - БҒМ

10 Желтоқсан, 2015 11:49
Технологияны коммерцияландыру аясында инноваторлар 800 млн теңгенің өнімін сатты, деді Білім және ғылым вице- министрі Тахир Балықбаев «Қазақстанда инновациялық экожүйені құру: технологияны коммерцияландырудан өнімді инновацияларды ынталандыру» халықаралық конференциясында.

«Бүгін 33 жобаның 19-ы дайын өнімнің алқашқы сатылымына шықты, жалпы 800 млн теңгенің сомасы жүзеге асырылды», - деді Т.Балықбаев.

Вице-министрдің айтуынша, үздік ғылыми жетістік болып Қарағанды техникалық университетінің материалдандыру орталығын құруы саналады.

Ол атап өткендей, соңғы 8 жылда 20 ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылды.

ҚР БҒМ мәліметінше, бүгінгі таңда әзірлемелерді дайындауға 66,7 млн теңге инвестиция тартылды, 72 келісім мен 8 лицензиялық келісім орнатылды.

Айта кетейік, Қазақстанда «Технологияларды коммерциаландыру» жобасы 2008 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

 

Барлық жаңалықтар