- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат көлік паспортының ортақ электрондық жүйесін енгізу туралы келісімді ратификациялау заңын қабылдады
Сенат көлік паспортының ортақ электрондық жүйесін енгізу туралы келісімді ратификациялау заңын қабылдады
Бұл келісім 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеуде жасалған. Келісімге сәйкес, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйесі қолданысқа енгізілгенге дейін көлік төлқұжатының бірыңғай нысандары пайдаланылатын болады.
"Көлік құралының паспорты әрбір автомобиль шығарылғаннан кейін немесе ол Қазақстан аумағына енгізілген уақыттан бастап құжаты болып есептеледі. Көлік құралының паспортында барлық ақпарат қамтылады. Осы паспорттың негізінде жол полициясы органдарында мемлекеттік тіркеу жүргізіліп, көлік иесіне тиісті куәлік беріледі. Келісімге сәйкес, бұл паспорттар электрондық түрде рәсімделіп, Кеден Одағы елдерінің ортақ электрондық жүйесінде сақталатын болады. Айта кетейік, ел азаматтары мен заңды тұлғаларға қосымша төлем жүктелмейді", - дейді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.
Көлік және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын талаптар мен оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ электрондық паспорт жүйесінің жұмыс істеу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітіп, айқындайды.
Бүгінгі күні бұл келісімді Беларусь мемлекеті ратификациялаған. Сондай-ақ, бұл құжатқа Қырғыз Республикасы қосылып отыр.
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз