В.Малиновский: Қазақстан халқы – мемлекеттік билік пен егемендіктің көзі

10 Желтоқсан, 2015 11:53
Қазақстан халқы – мемлекеттік билік пен егемендіктің қайнар көзі, деп ағынан жарылды ҚР Конституция кеңесінің мүшесі Виктор Малиновский « Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Қазақстан Республикасы егемендігінің шамамен 25 жылы ішінде конституциялық құрылыстың өзіндік қазақстандық тәжірибесі жасақталды. Қазақстандағы конституционализм -  керемет Конституцияға иелік ету.  Конституция – бұл мемлекеттік органдардың нақты қалыпта жұмыс істеуі, бұл мықты ғылыми негіз, сонымен қатар еліміздің дамуы.  Қазақстандық конституционализм тәжірибесі, оның әрбір құрамдас бөлігіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерең еңбегі сіңгенін білдіреді», - деді В. Малиновский.

Сарапшы атап өткендей,  Мемлекет басшысы Қазақстан Конституциясының әлеуетін толығымен іске асыру бойынша алда  үлкен жұмыс тұрғынан баса айтты.

«Қазақстан халқы – мемлекеттік билік пен егемендіктің қайнар көзі. Конституция әлеуетін толығымен орындау, атап айтқанда экономикалық жетістіктер халық игілігіне жұмсалуы тиіс», - деді ҚР Конституция кеңесінің мүшесі  Виктор Малиновский.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар