- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразиялық топ өкілдері ақтөбелік тауар өндірушілерді қазақстандық қамтуды ұлғайтуда қолдайды
Еуразиялық топ өкілдері ақтөбелік тауар өндірушілерді қазақстандық қамтуды ұлғайтуда қолдайды
Кездесу барысында жыл қорытындылары талқыланды. Әкім компаниядағы жұмыс орындарының сақталуы, еңбекақының уақытында төленуі мен жыл қорытындысы бойынша он үшінші айлықтың берілуі мәселелері туралы сұрастырды. Сондай-ақ инфляцияға байланысты «Қазхром ТҰК» қызметкерлеріне еңбекақыны көтеру мүмкіндіктері қарастырылды.
Дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау аясында облыс әкімі мен компания басшылығы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық құрамды ұлғайту туралы келісті. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі отандық өндірушілерді қолдау деп белгіледі.
Бүгінгі күні тау-кен рудасы кешені жер байлығын пайдаланушылар алған тауарлар мен қызметтердің жалпы мөлшерінен жергілікті құрамның үлесі - 58,5 пайыз. Өңірде металл бұйымдары, резеңке-техникалық өнімдер, электродты масса, тұз қышқылы, бетонитті сазды ұнтақтар, тағы басқа өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқылануда.
Бердібек Сапарбаев «Каспий плюс» ЖШС (бекіту детальдарын жеткізу), «Технодом CTKZ» ЖШС (тіркеме доңғалақ техникасын жеткізу) және «Сайлан Ақтөбе» ЖШС (пигментті бояғыштар мен хромды концентраттар жеткізу) секілді жергілікті тауар өндірушілермен өнімдерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қою мүмкіндіктерін қарауды ұсынды.
Ақтөбе және Хромтау қалаларында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламасын жасау қарастырылды.
Облыс аумағында Қазхром кәсіпорындарын дамыту перспективасы туралы және келесі жылы әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға отыру жөнінде айтылды.
Барлық қарастырылған мәселелер Еуразиялық топтың құрылтайшыларының бірі және директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тарапынан қолдау тапты. Ол өз сөзінде экономикалық дағдарысқа қарамастан, 12 мың шамасында ақтөбеліктер жұмыс істейтін Еуразиялық топ өздерінің келер жылғы ұжымдық келісім-шартының барлық шарттары мен әлеуметтік міндеттемелерін орындайтындығын атап көрсетті. Барлық көрсеткіштер келесі жылы да сақталатын болды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды