Берлинде Қазақстанның сыртқы саясат аспектісі талқыланды

10 Желтоқсан, 2015 18:13
2015 жылы 9 желтоқсанда ҚР-ның ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов Халықаралық саясат пен құқық неміс қоғамының шақыруымен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

ҚР СІМ хабарлағандай, шараға ГФР ведомстволары мен миниистрліктерінің өкілдері, неміс дипломаттары, саясаттанушылар, сарапшылар мен журналистер қатысты.  

Шара барысында қазақстандық дипломат елдегі бүгінгі экономикалық-әлеуметтік жағдай туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттері туралы жеткізді.

Атап айтқанда, Б. Нүсіпов 2015 жылғы 7 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілгенін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар