• Басты
  • Жаңалықтар
  • Пол Тэйлор: Смитсон институты Қазақстанмен бірлескен жобаларға қызығушылық танытады

Пол Тэйлор: Смитсон институты Қазақстанмен бірлескен жобаларға қызығушылық танытады

10 Желтоқсан, 2015 14:47
Смитсон институты (Вашингтон қаласы, АҚШ) Антропология департаментінің (Азия мәдениетін зерттеу) директоры Пол М. Тэйлор және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Тамғалы жартасына барды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Тамғалы ландшафтын Жаһандық экологиялық қорға енгізу (GEF) бірлескен жұмыс сапардың басты нәтижесіне айналады.

Пол М. Тэйлор Қазақстанға Тамғалы ландшафтының биологиялық көптүрлілігін зерттеуге  әдейілеп келді. Танымал антрополог ГЭФ жобасының басты халықаралық әріптесі ретінде қатысуға қызығушылығын білдіруде. Сапар барысында Азия мәдениетін зерттеумен айналысатын көрнекті ғалым Смитсон институты тарихи-мәдени мұраларды зерделеу мен сақтау саласындағы бірлескен қазақ-амеркандық жобаларға ерекше мүдде білдіретіндігін жеткізді.

Бұған дейін Пол Тэйлор Әзербайжандағы Гобустан археологиялық ландшафтын зерттеумен айналысқан болатын. Тэйлор жетекшілік ететін Антропология департаменті бағдарламасының арқасында зерттеушілер 3D-модель жасау, цифрлық өңдеу, бейнелерді архивтеу және т.б. түрлі техникалармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

«Қазіргі уақытта Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Жаһандық экологиялық қорға (GEF) байқауға өтініш жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде. «Биологиялық көптүрлілік» номинациясы бойынша біз Алматы облысындағы Тамғалы жартасының бірегей ландшафтын қосудамыз, - деді Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А. Хазбулатов. – Бұл жұмысты инстиут Қазақстан Республикасы мәдени саясатының Тұжырымдамасы және Туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргіп жатыр».

Андрей Хазбулатов үстіміздегі жылдың маусым айында Вашингтонда (АҚШ) ГЭФ өкілдері Питер Лаллас және Патрисия Коккамен кездесу өткендігі туралы айтты. Бұл кездесу кезінде ықтимал жоба мәселелері талқыланды. Тамғалының бірегей петроглифтері ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілгендігі барлығымызға мәлім, дегенмен, отандық сарапшылардың пікірінше, Тамғалы ландшафты Қызыл кітапқа енгізілген қалдық өсімдіктер мен жануарларды біріктіретін ғажайып флорасы мен фаунасы таң қалдырады.

Еске салып кетсек, Тамғалы жартасы – бес мыңнан аса түрлі петроглифтері бар жартас өнерінің ең көне және жойқын ескерткіштердің бірі. Оларды зерттеу ішкі және сыртқы мәдени туризмнің дамуына септігін тигізеді. 

Барлық жаңалықтар