- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды
Павлодар облысында облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды
«Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы саясаты денсаулықты сақтауға және ең алдымен аналарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға бағытталған. Бұл орталықтың ашылуымен аймағымыздың тұрғындары әйелдер кеңесінен хирургияға дейін жоғары сапалы дәрігерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болады»,- деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Орталықтың жаңа ғимараты 100 орынға арналған. Нысанның жалпы көлемі 12175,65 шаршы метрді құрайды. Бас мердігері - «Портал ПВ» ЖШС. Ғимараттың құрылысы 2014 жылы мамырда басталып, 2015 жылдың қарашасында, яғни өз мерзімінде аяқталды.
Облыстық перинаталды орталықта жүктілерге, босанатындарға, босанған әйелдерге және балаларға қол жетімді де сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Ал бұл Павлодар облысындағы айрықша төмен салмақмен туған балалардың өмірін көбірек сақтап қалуға, сондай-ақ ана мен бала өлімін төмендетуге мүмкіндік бермек.
Корпус бөлімшелері жаңа жабдықтармен – ересектер мен балаларға арналған өкпені жасанды вентиляциялау аппараттарымен, кардиотокографалармен, дыбыстық зерттеу аппараттарымен, кереует жанындағы мониторлармен жабдықталған. Орталықта сонымен қатар ретинопатия диагнозымен туған салмағы аз балаларға шұғыл түрде ота жасауға арналған офтальмологиялық лазер орнатылып, қолданылуда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары