ҚР-да 2015 жылдан бастап жаңа бастамаларға лимиттер енгізеді – С. Плотников

7 Қараша, 2013 13:30
ҚР-да 2015 жылдан бастап бюджеттік даму мен ағымдағы шығындар бойынша лимиттер енгізіледі, оған жаңа бастамалар да енеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Плотников мәлімдеді.

«Тиімсіз шығындарды қысқарту үшін ағымдағы шығын базасы бойынша инвентаризация құрастыру керек. Инвентаризацияның қорытындысы бойынша мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі келтірмейтін қаржылық шаралар қысқартылуы тиіс», - деді депутат.

С. Плотников атап өткендей, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану үшін стратегиялық және бюджетік жоспарлау бойынша тығыз қарым-қатынас жүйесін орнату керек.

«Сондай-ақ, бюджетті қолдану бойынша мемлекеттік органдардың есеп беруін өзгерту қажет. Бюджеттік қаржы бөлінгеніне емес, нәтижесіне орай бағалануы тиіс», - деді С. Плотников.

 

Барлық жаңалықтар