- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сенаты Жоғарғы Сот судьялығына 32 үміткер қабылдады
ҚР Сенаты Жоғарғы Сот судьялығына 32 үміткер қабылдады
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жаңа жылдан бастап Жоғарғы Сот кассациялық сатының соты болатын жаңа үш буынды сот жүйесі жұмысын бастайды. Тиісті заңдарды, соның ішінде жаңа Азаматтық-процестік кодексті жақында Парламент қабылдады. Жаңа сот өндірісі аясында Жоғарғы Сот судьяларының жүктемесі шамамен екі есе, жылына 20 мың істен астам өсетініне байланысты қарашадағы Елбасы Жарлығымен Жоғарғы Сот судьяларының саны 32 адамға, яғни, 33-тен 65-ке дейін көбейді», - деді отырыста ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Жоғары Сот кеңесі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Донақов.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Сенат қарауына Жоғарғы Сот судьясы қызметіне 32 адамды сайлауға ұсыныс енгізген.
«Олардың барлығы қазіргі уақытта судья болып қызмет етеді, барлығының тәжірибесі үлкен, біліктілік деңгейі жоғары», - деп толықтырды Т.Донақов.
Өз кезегінде Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комиетінің төрағасы Серік Ақылбай Жоғарғы Сот судьялығына кандидаттарды іріктеу ашық өткенін атап өтті.
«Жоғарғы Сотқа кандидаттарды таңдау өте ерекше, ашық өтті. Өңірлерге әдейі комиссиялар жіберіліп, кандидаттар жергілікті судьялардың дауыс беруімен таңдалды. Яғни, бұл шешім жан-жақты талқыланды. Біздің ойымызша, бүкіл кандидаттар ұсынымға сәйкес келеді. Сондықтан конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комиеті аталған судьяларды сайлауды ұсынады», - деді С.Ақылбай.
Сенат депутаттары әрбір судьяның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Ал Жоғарғы Сотқа сайланған судьялар адал және абыройлы қызмет етуге, сот төрелігін Қазақстанның Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға салтанатты түрде ант берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар