• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасының кітапханасы 70-тен астам әлемдік электрондық ресурстарды ұсынады

Елбасының кітапханасы 70-тен астам әлемдік электрондық ресурстарды ұсынады

10 Желтоқсан, 2015 17:11
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы оқырмандарға 70-тен астам отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, деп хабарлады кітапханының баспасөз қызметі.

Олардың арасында пайдаланушыларға әлемдегі соңғы ғылыми жетістіктер туралы ақпарат алу және оларды кәсіби және ғылыми қызметінде қолдануға  мүмкіндік беретін - ғылыми дерекқорлар, ақпарат және талдау орталықтары, электронды кітапханалар бар.

31 желтоқсанға дейін Кітапхана сайты арқылы барлық пайдаланушылар үшін әлемдік баспалардың бірқатар ақпараттық дерекқорларына «Euromonitor International» (әлемдегі 210 елдің экономикалық зерттеулерін және талдау есептерін жариялайтын халықаралық зерттеу компаниясы) «Taylor & Francis» (жыл сайын 1800–ден астам жаңа академиялық кітаптар және 1000 журнал жариялайды), «Wiley-Blackwell» (1500-ден астам  ғылыми журналдар мен кітаптарды, 750 ғылыми әдебиетті қамтиды), EBSCO Publishing (әлемдегі жетекші баспалардың ғылыми ресурстарының  ірі агрегаторы 3000-нан астам журналдардың толық жинағын ұсынады) шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Электрондық ресурстардың мазмұнымен кітапхана сайтының «Электрондық ресурстар» бөлімі арқылы танысуға болады.

 

Барлық жаңалықтар