• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама құру туралы ереженің жобасын мақұлдады

ЕЭК алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама құру туралы ереженің жобасын мақұлдады

10 Желтоқсан, 2015 17:26
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама (ЕТТ) құрып, іске қосу және ЕТТ құру жөніндегі бағыттар тізімі туралы ереженің жобасын мақұлдады.

Ереже Еуразиялық технологиялық тұғырнаманың мақсат-міндеттерін, қызмет бағыттарын анықтайды. 

Тізімге медицина және биотехнология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, фотоника, әуе-ғарыш технологиялары, ядролық және радиациялық технологиялар, энергетика, көлік технологиялары, металлургия технологиялары және жаңа материалдар, табиғи ресурстарды өндіру және мұнай-газ өңдеу, электроника және машина жасау технологиялары, экологиялық даму, өнеркәсіптік технологиялар, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсбі секілді бағыттар кіреді.

Еуразиялық технологиялық тұғырнама инновациялық инфрақұрылымдардың өзегі болып табылады және перспективалық коммерциялық технологиялар құруға, бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдардың қатысуы негізінде жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдер алуға мүмкіндік береді.

ЕЭК алқасы отырысында сондай-ақ Одақ аясында өнеркәсптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) іске асыру жөніндегі актілерді әзірлеу жоспарының жобасы мақұлданды. Жоспар ӨЫНБ-ны іс жүзінде жүзеге асыру үшін құқықтық база құру мақсатында дайындалды.

Айта кетейік, технологиялық платформалар жеке-мемлекеттік серіктестік механизмі және инновациялық технологиялар, өнімдер және қызметтерді шығаруға, сонымен бірге, зерттеулерді жүргізу үшін қорларды ынталандыру және мүдделілік танытатын барлық тараптар (ғылыми және бизнес-қоғамдастықтар, мемлекеттер, азаматтық қоғам) қатысуы негізінде қалыптасады.

Еуразиялық экономикалық комиссиямен жаңа жоғары технологиялық өндірісін игеру үшін 7 сынамалық еуразия технологиялық тұғырлары («Суперкомпьютерлер», «Болашақтың медицинасы», «Жарық диодтары», «Фотоника», «Жеңіл өнеркәсіп», «АӨК тамақ және өндеуші өнеркәсіп технологиясы» және «Биоэнергетика») қалыптасты.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар