• Басты
  • Жаңалықтар
  • Витаутас Наудужас: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - стратегиялық маңызды құжат

Витаутас Наудужас: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - стратегиялық маңызды құжат

10 Желтоқсан, 2015 09:58
Қазақстанға ешқандай дағдарыс әсер етпейді, себебі оның экономикасының қозғаушы күші мықты. Бұл туралы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Strategy2050.kz. берген сұхбатында айтты.

«ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы стратегиялық маңызды құжат болады.ҚР Президентінің баяндамасы экономикалық жағдайды өткеру бойынша жоспар ғана емес, ол жаһандық және өңірлік ауқымдағы маңызды құжат. Айта кетерлігі, бұл жаһандық сынақтарға жауап ретіндегі бағдарламалық баяндама болды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол», «100 қадам» бағдарламаларымен  таныспыз. Президенттің осы жолғы Жолдауы одан әрі ілгерілеудің нысаны. Елбасы атап өткендей, бар қаражатқа өмір сүру қажет. Қазақстан терең дағдарысқа ұшырауы мүмкін емес, себебі экономиканың қозғаушы күші бар. Бұл EXPO-2017, көлік, логистика, экономиканың бірқатар саласы. Меніңше, барлығы оңтайлы шешіледі», - деді Витаутас Наудужас.

Дипломат атап өткендей, Қазақстан бүгінде бірқатар жетістікті бағындырып, тұрақты даму үстінде.

«Қазір қазақстандықтар тұрақтылыққа сенеді. Сіздерде тәуелсіздікті қалыптастыруда осыдан да күрделі кезең болды. Қазір Қазақстан әлдеқайда жақсы заманда күн кешуде», - деді ол.

Данияр Қасымов

 

Барлық жаңалықтар