• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті – Нұр Отан

Астанада Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті – Нұр Отан

10 Желтоқсан, 2015 18:46
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің және партия Орталық аппаратының бірлескен отырысы болып өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Шара барысында облыстық бюджеттерді әзірлеу кезінде партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Бейнекеонференц байланыс түрінде өткен отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы фракцияларының жетекшілері мен мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында партияның Сайлауалды тұғырнамасы ойдағыдай іске асырылып келе жатқаны айтылды. Бүгінгі таңда уәделердің 70%-ы орындалып үлгерген.

Парламент Мәжілісінің және маслихат депутаттарының Сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмысы өз тиімділігін дәлелдеп берді. Биылғы жылдың өзінде орталық деңгейде қарау үшін өңірлерден 200-ден аса ұсыныс келіп түсті. Сараптамалық топтардың 60 отырысы өтіп, 800-ден аса ұсыным берілген. Олардың үштен бір бөлігі орындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша тіисті ұсынымдар әзірленді. Атап айтса, республика бойынша төмен көрсеткіштерге ие қалалық және ауылдық елді мекендерде орталықтанған сумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қосымша қаржы қарастыру, сондай-ақ үш ауысыммен оқитын мектептерді жою және апатты жағдайдағы мектептер санын азайту бойынша шара қолдану ұсынылды.

Партияның аймақтық филиалдары мен «Нұр Отанның» облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардағы фракцияларына келесідей ұсынымдар берілді:

«Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардағы партия мүшелеренің жауапкершілігін арттыру;

Жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестер шеңберінде бюджеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалу барысына қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету;

Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстарына республикалық деңгейге дейінгі қалаларда халықты орталықтанған сумен қамтамасыз етілуін арттыру үшін тиісті шаралар қолдану;

Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына  республикалық деңгейге дейінгі ауылдық елді мекендерде халықты орталықтанған сумен қамтамасыз етілуін арттыру үшін тиісті шаралар қолдану;

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарына үш ауысыммен оқитын мектептерді жою үшін тиісті шаралар қолдану;

Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына апатты жағдайдағы мектептер санын азайту үшін тиісті шаралар қолдану.

 

          

 

 

Барлық жаңалықтар