- Басты
- Жаңалықтар
- ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты
Бұған дейін ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметін ұсынған болатын. Енді қызметтер тізбесі кеңейтілді және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келіп жетті.
Атап айтсақ, енді ХҚКО-ларға салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушіні тіркеу есебіне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттігін растау және т.б. үшін жүгінуге болады.
Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Енді оларды мемлекеттік органдар және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ға дүйсенбіден бастап сенбіні қоса, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердің басым бөлігі толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкімет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетінше алуға болады. «Бұл үшін электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткілікті. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлікке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседі», - деп атап өтті ол.
Балташева қазіргі уақытта көрсетілетін қызметтердің стандарттары келісу үстінде екендігін айтып өтті. Олар бекітілісімен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негіздерде көрсетілетін болады.
Анықтама ретінде, Бүгінгі күні Қазақстанда 212 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның ішінде 22 миллион қызмет – электрондық нысанда көрсетілді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
«Бопай ханым» спектаклі көрерменге жол тартты