Маңғыстау облысында 274 жылжымайтын мүлік заңдастырылды

11 Желтоқсан, 2015 08:52
Маңғыстау облысында 274 жылжымайтын мүлік нысаны заңдастырылды, деп хабарлады облыстың қаржы басқармасының бастығы Марина Әлібекова ОКҚ-дағы брифингте.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Маңғыстау облысы бойынша мүлікті заңдастыруға 485 өтініш келіп түсті.

«Оның ішінде 151 өтініш мүлікті заңдастыруға байланысты, тұрғын үйге жатпайтын құрылыс  - 331, құнды қағаздар – 2. Айдандар мен қалалардағы комиссиялардың қортындысы бойынша 274 нысан заңдастырылды, 84 – тұрғын үй, 190 – тұрғын үйге жатпайтын құрылыс. Сонымен қатар 137 өтініш қайтарылды, 74-і қарастырылу барысында», - деді М. Әлібекова.

Оның айтуынша, қалалар мен аудандарда 225 тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысаны анықталды, оның ішінде 95-і заңдастырылды. Ал, 130 өтінішті комиссия мүшелері қарастыруда. 

«Мониторинг көрсетіп отырғандай, кеңейтілген отырыстан кейін өтініш берушілер саны 294-тен  485-ке дейін артты және заңдастырылған мүлік саны 129-дан 274-ке дейін өсті. Заңдастырылған мүліктердің жалпы құны 4 млн 640 мың теңге», - деп хабарлады қаржы басқармасының бастығы.

 

 

Барлық жаңалықтар