- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мәселесі талқыланатын болады
К.Мәсімов: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мәселесі талқыланатын болады
«Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Өйткені көптеген экономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін жайттар болды. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл құжатта Үкімет, кәсіпкерлер қауымдастығы, қоғам алдында тұрған мақсат-міндеттер нақты айқындалды, оларды біз 2016 жылы орындауымыз қажет. Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткіздік», - деген Үкімет басшысы кәсіпкерлер қауымдастығымен бірге нақты іс-әрекет жоспарын дайындау қажеттігін атап өтті.
«Сіздер осы жылы көтерген мәселелердің көпшілігі шешілді. Ақша-кредит саясаты мәселесін сіздер әрбір кездесуде көтердіңіздер, ол бүгінде өз шешімін тапты. Қазіргі уақытта Ұлттық өз ұстанымын жариялады. Бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты мәселе маңызды. Бұл сұрақты экономикалық саясат кеңесінде талқылаймыз. Бұл орайда «Атамекен» палатасы, қаржыгерлер қауымдастығының ұстанымы бізді қызықтырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың мемлекеттің қаржысы еместігіне назар аударғым келеді. Бұл салымшылардың ақшасы. Сондықтан бірінші кезекте біз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыны сақтап, оны еселеуді ойластыруымыз керек. Екіншіден, қордағы қаржыны ағымдағы мәселелерді шешудің жолы ретінде қарастыруымыз қажет», - деді К.Мәсімов.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды