• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Маселов: Даму институты директорлар кеңесінің 50 пайызын бизнес қауымдастықтар құрауы керек

С.Маселов: Даму институты директорлар кеңесінің 50 пайызын бизнес қауымдастықтар құрауы керек

9 Желтоқсан, 2015 19:38
Даму институты директорлар кеңесінің 50 пайызын бизнес қауымдастықтар құрауы керек, деді «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директорының орынбасары Серік Маселов «Атамекен» ҰКП кеңейтілген отырысында.

«ҚР ҰКП ұстанымымен  даму институттары директорлар кеңесінің құрамына отандық бизнес-қауымдастық өкілдері кіреді. Даму институты директорлар кеңесінің 50 пайызын бизнес қауымдастықтар құрауы керек», - деді С.Маселов.

Оның айтуынша, жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін локализацияның кезеңі өсуде.

«Қазақстанда соңғы жылдары технологиялық жаңғырту аз жүргізілді. Олар бірең-сараң. Бұл институттарда білгір, білікті мамандардың жетіспеуінен болып отыр», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар