• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет бюджетінің ЖІӨ-нің тапшылығы 14 пайызға төмендеуі керек- С. Плотников

Мемлекет бюджетінің ЖІӨ-нің тапшылығы 14 пайызға төмендеуі керек- С. Плотников

7 Қараша, 2013 12:50
Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Плотников ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мемлекет бюджетінің жалпы ішкі өнім тапшылығы 14 пайызға төмендеуі керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 11-ші қазанда   ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке бірнеше сын- ескертпелер жасаған болатын. Онда, еліміздің бюджеттік саясатын алға жылжыту жөнінде Мемлекет басшысы: «Үкімет мемлекет бюджетінің іске асуын жоспарлап және дұрыс орындалуын» ерекше атап өтті.

«ҚР  Президеті Қазақстан халыққа арнаған Жолдауында»  «Қазақстан-2050» Стратегиясы»:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында макроэкономикалық саясатты  модернизациялау жөнінде атап көрсетілген бюджеттік саясатты жүргізудегі берілген бағыт-бағдар болатын. Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерлген аталмыш мәселелер бойынша 2 концепция жасау  жөнінде ұсыныс жасады. Оның біріншісі- ҚР-ның жаңа бюджеттік саясат концепциясы, екінші концепция – мемлкеттік жоспарды іске асыру және нәтиже шығаруға күш салу керек»,- деп атап өтті  С. Плотников.

Ол бірінші концепцияда мынадай істер орындалуы  жайында, мемлекет қаржысын тұрақтандыру, бюджеттік  шығынның нәтижелігін көтеру, бюджеттік инвестициялар, экономикаға пайда әкелетін жекелеген инвестициялар қатарын көтеру, жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелі болуына қол жеткізу.

«Екінші концепцияда, мемлкеттік жоспарды іске асыру және нәтиже шығаруға күш салу керек деп атап өткен депутат, стратегиялық экономикалық және бюджетті жоспарлауды бір қалыпты ұстайтын жүйенің болуы. Сонымен қатар, құжаттардың стратегиялық жобалау жұмысының нәтижелігі және мемлкеттік органдардың қызметін жақсарту» - жөнінде айтып өтті ҚР-ның  төменгі палатасының депутаты.

«Үкіметтің алдына қойылып отырған мәселе, макроэкономикалық бюджетті тұрақтардыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік бюджетті бір қалыпта ұстау. Сонымен қатар, бюджеттік саясаттағы басты бағыт тапшы көлемін басқару. Бұл мемлекет қарызын 2020 жылдарға дейін жалпы ішкі өнімнің 13,9 пайызға ұстап тұруға өз көмегін береді. Мемлекет бюджетінің жалпы ішкі өнім тапшылығы 14 пайызға төмендеуі керек»- деп атап өтті С. Плотников.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар