2016 жылы ҚР ҰКП салық заңнамасын жетілдірмек

9 Желтоқсан, 2015 19:04
2016 жылы ҚР ҰКП салық заңнамасын жетілдіруге мүдделі.Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өтіп жатқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

«Ағымдағы жылдың 10 айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты 353 шағым келіп түсті. Мемлекеттік сатып алулар саласы мен «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларындағы заңбұзушылықтардың 40 пайызы талаптарды нақты бір тауар жеткізушінің мүддесін қорғау және негізсіз қайтару фактілері бойынша болып отырғанын қадағалаушы органдар растап отыр», - деді А.Мырзахметов.

Жалпы, ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2013 жылдың қазан айынан бастап бизнестің құқығын қорғау бойынша кәсіпкерлерден 9600 арыз-шағым келіп түскен. А.Мырзахметов атап өткендей, шағымдардың 41 пайызы бойынша оң шешім қабылданған. Нәтижесінде кәсіпкерлер 16 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеді.

Мұнымен қатар, «Атамекен» палатасы мен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жұмысының нәтижесінде отандық тауар өндірушілермен 334,6 млрд теңгеден астам сомаға 750 ұзақ мерзімді келісімге қол қойылған.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар