ҚР Президенті мұнай-газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

9 Желтоқсан, 2015 17:11
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиынға ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, саланы бақылайтын ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Жиында әлемдегі көмірсутек шикізаты бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекеттің энергетикалық саясатының аспектілері қаралды.

Сонымен қатар, қыз мезгілінде Қазақстанның оңтүстік аймақтарын газбен қамту, энергия тасымалдау саласындағы инфрақұрылымның дамуы мен қызметін оңтайландыру мәселелері талқыланды. 

Жиын соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.

Барлық жаңалықтар