- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада нашақорлық пен есірткіге қарсы ВШО отырысы өтті
Астанада нашақорлық пен есірткіге қарсы ВШО отырысы өтті
Штабтың жұмысына мемлекеттің есірткіге қарсы қызметін жүзеге асыруға қатысушы барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыста «Әр түрлі тәуелділік түүрлерін психологиялық диагностикалау тәсілдері» атты компьютерлік бағдарламаны білім беру ұйымдарында қолдану, сонда й-ақ негізгі бағдарламалық құжат - Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының қысқаруы жағдайында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметі мәселелері қаралды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарау барысында, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым министрліктері өкілдерінің республика мектептерінде «Психологиялық диагностика тәсілі» компьютерлік бағдарламасын қолдану нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды.
ВАШ төрағасы, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов барлық оқу орындарында бағдарламаны қолдану проблемаларының бар екенін атап өтті.
Осы бағдарламаның психобелсенді заттарға тәуелділіктің қалыптасуы тәуекелдігінің балалар арасында анықтауына мүмкіндік беретін, сондай-ақ тұлғаның даму динамикасын бақылау, профилактикалық шараларды қолдану тиімдігін бағалауға үлкен мүмкіндік барлығына қарамастан, мектеп басшылығы оны өз бастамаларында ерекше қолданбайды.
Осы мәселені талқылау барысында, ДСжӘДМ және БҒМ-нің республика мектептерінің күнделікті өмірінде бағдарламаны белсенді қолдануға мүмкіндік беретін бірлескен шаралары пысықталды.
Екінші мәселе бойынша ВАШ мүшелеріне Ішкі істер минситрлігінің есірткіге қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру барысында мемлекеттік басқару органдарының одан әрі өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету үшін қабылдаған шаралары хабарланды.
Осы жұмыста жергілікті атқарушы органдардың ролі артатыны ерекше атап көрсетілді.
Қ. Қасымов әрбір өңірлің жағдайын ескере отырып нашақорлықтың алдын алу бойынша тәжірибелік іс-шараларды әкімдіктер деңгейінде шешу тиімді деп түсіндірді.
Облыс үшін маңызды құжат болып табылатын Өңірлерді дамыту бағдарламасының көрсеткіштер тізбесін пысықтау қажеттігі туралы пікір білдірді. Оны денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт желісі бойынша іс-шаралармен және бағалау көрсеткіштерімен толықтыру қажеттігі айтылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде