• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Садықов: Жалпыға ортақ декларация ядролық қаруды жаңғыртуды қолдамауға шақырады

Б.Садықов: Жалпыға ортақ декларация ядролық қаруды жаңғыртуды қолдамауға шақырады

9 Желтоқсан, 2015 17:04
Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияның маңызды пунктісі ядролық қаруды қолдауға бағытталып жатқан қомақты қаржыны халықаралық қауіпсіздікке, кедейшілікпен күреске бағыттауды ұсыну болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойныша елшісі Барлыбай Садықов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияның маңызды пунктісі ядролық қаруды қолдауға бағытталып жатқан қомақты қаржыны халықаралық қауіпсіздікке, кедейшілікпен күреске бағыттауды ұсыну болып табылады», - сообщил Б.Садықов.

Бұдан басқа, ол атап өткендей, құжатта азаматтық қоғамның маңызды рөлі баса айтылған.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымына ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация декларацияны қабылдауды ұсынған болатын. Осы ретте ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ декларацияны қабылдау туралы резалюцияны бекітті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар