• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті (ФОТО)

Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті (ФОТО)

9 Желтоқсан, 2015 19:21
Бүгін Астанада Оқушылар сарайында Халыққаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлады Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті.

Астаналық әкімдік пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары болып табылады.

Қала басшылығымен қатар, іс-шараға мәслихат депутаттары, жастар бірлестіктерінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, мемлекеттік органдар басшылары, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Лукин өз сөзінде, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи қысқа мерзімде біздің еліміз орталық азия аумағында ғана емес, сонымен қатар посткеңестік кеңістікте экономикалық флагманға айналғандығын атап өтті.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларды қолдауға сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы С.Ақылбай, «Нұр Отан» партиясының Астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ахметов келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенті Карина Омарова, өткізілген іс-шара ерекше әсер қалдырғанын және келешекті жоспарлау мен мамандық таңдауға ықпал еткенін айтты. Карина осы іске өз үлесін қосу үшін мемлекеттік қызметкер болуды армандайды екен.

«Адалдық, жемқорлық, сыпайылық дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауаптарымен Астаналық балабақшалар тәрбиеленушілерінің арасында түсірілген роликтердің тұсаукесері қатысушыларға өте ұнады.

Іс-шара ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Үздік ролик», «Үздік шығарма», «Үздік сурет» номинациялары бойынша грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапаттау әзірлеген. №8 «Думан» балабақшасы, Қазақ гуманитарлық-заң университеті оқу орындары арасында жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үздіктері болып танылды).

         Сонымен қатар, астаналық жоғарға оқу орындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жүргізілген пікіртартыс турнирінің ақтық ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

         Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенті Анжелика Лемонджава өз сөзінде жастар мен қоғам өкілдерінің барлығын сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды. Өзіңнен бастау, сананы өзгерту маңызды болып табылады, адамдар пара беруге ұялу қажет.

         Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Т.Каскин іс-шараны қорытындылай келе, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері ретінде депутаттар, жастар бірлестіктері, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері мен елорда тұрғындары болашаққа жауапкершілік мәселелерінде бір екенін атап өтті.

         Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері Бибігүл Жанұзақтың, мәдениет қайраткері Естай Мұқашевтың, халықаралық конкурстар лауреаты Жалғас Сұлтановтың  және басқаларының қатысуымен концерттік бағдарламасын ұсынды.

         Қорыта келгенде, осы іс-шара жағымды әсер қалдырды, бұған мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу туралы қатысушылардың пікір, тілектері дәлел.

  

 

 

Барлық жаңалықтар