- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті
Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті
Комиссия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихаттың хатшысы, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия 2015-2019 жылдарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР ұлттық қорынан бөлінетін қаржыны тиімді жұмсауға партиялық бақылау қорытындыларын қарады. Бұл мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бірінші орынбасары міндетін атқарушы Нұрхан Ақниязов айтып берді.
Бердібек Сапарбаев айтылғандарды түйіндей келе, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Бұл ретте ол қаржыны жөнсіз үнемдеудің қажеті жоқтығын, алайда басқа мақсаттарға жұмсауға болмайтындығын айтты.
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұртшылықтың жаппай қатысуымен ғана тиімді болатындығына назар аударды. Депутаттық постылар мен партиялық бақылау постыларын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресте профилактикалық жұмыстар жүргізу аса маңызды.
Өңір басшысы партия филиалына партия ұйымдары мен мәслихаттардың мәжілістерінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мәселелерді қарауда бастамашы болуды, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте мемлекеттік органдарда қабылданатын шаралар бойынша олардың басшыларын тыңдау кестесін жасап, бекіту ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өкілетті органдардың қызметі нәтижелері туралы облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша басқарманың жетекшісі Маратбек Мырзамұратов айтып берді.
Ол мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары саласында тәртіп бұзушылықтар жиі орын алатынын атап көрсетті. Негізінен сыбайлас жемқорлық бағытындағы тәртіп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығаруда анықталады.
Бердібек Сапарбаев облыстық прокуратура мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне мемлекеттік органдардың жұмыстарын сараптап, олардың құқықбұзушылықтарға қарсы күрес жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Жиында сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарының орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы мен қаржылық бақылау комитеті инспекциясының басшысы Алмас Дүйсенбаев мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметі барысында заңнама талаптарын орындауы бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы баяндады.
Баяндамалардан кейін облыс әкімі көптеген сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы заңбұзушылықтардың мемлекеттік бағдарлама администраторларының заңдық тұрғыдағы сауатсыздықтарына байланысты орын алатынана тоқтала келе, олардың білімдерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Заңнамаларға өзгерістер енгізілуде, сондықтан басқарма басшылар мен бас бухгалтерлерін семинарлар мен білім жетілдіру курстарына жіберу керек. Әсіресе, мұндай шаралардың мемлекеттік сатып алулардың алдында жүзеге асырылғаны жөн. Өңір басшысы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы мен қаржылық бақылау комитеті инспекциясының басшысына мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуын жіті бақылауға алуды тапсырды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері