2016 жылы Астанада жаңа Coca-Cola зауыты ашылады - KAZNEX INVEST

9 Желтоқсан, 2015 16:04
2016 жылы Астанада жаңа Coca-Cola зауытын пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов ОКҚ-да.

«Жалпы, 2016 жылы жалпы сомасы 104 млн долл және 360 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың үшеуі 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығанда іске қосылады. Олардың ішінде Астанада жаңа Coca-Cola зауытын пайдалануға беру бар. Сонымен қатар,  Оңтүстік Қазақстан облысында «Италл-цемент» компаниясымен цементті құрғақ әдіспен дайындау тәсіліне көшу бар», - деді Б. Жангуразов.

Бұдан басқа, 2016 жылдың екінші жарты жылдығында «Хайделберг цемент» жаңа жобасын іске қосу жоспарланған. 

«Ал, көлік-логистикалық секторда жапониялық және өзгде компаниялардың қатысуымен жаңа терминалды іске қосу жоспарланған», - деп толықтырды ол. 

«KAZNEX INVEST» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде Астанада алкогольсіз сусындарды шығару бойынша Coca-Cola зауытының құрылысы аяқталды. Жаңа зауыттың жобалық қуаттылығы 2015 жылы 100 млн литр, ал, 2020 жылы 400 млн литр болады деп күтілуде.  Жобаға 70 млн долл инвестицияланды және 300 жұмыс орны ашылатын болады.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар