• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында жылдық қуаттылығы 50 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылды

Ақмола облысында жылдық қуаттылығы 50 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылды

10 Желтоқсан, 2015 09:28
Ерейментау ауданында Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен кірпіш өндіретін зауыт іске қосылды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 50 млн дана кірпіш, деп хабарлады әкімдік.

Салтанатты ашылу барысында аймақ басшысы бұл зауыт Ақмола облысында қуатталығы жағынан екінші ірі зауыт екенін атап өтті.

«Осындай ірі жобалардың ашылуы аймақтағы құрылыс индустриясын дамытуға септігін тигізеді, бастысы – бұл тұрақты жұмыс орны. Қуаныштысы мұндай ірі жобалар жеке инвестициялар есебінен ашылуда», - деді әкім.

Жобаның жалпы құны 911 млн теңгені құрады. Айта кетерлік жайт бұл өндіріс қалдықсыз болып табылады.

Ағымдағы жылы кірпіш зауыты 185 млн теңгеге  3,7 млн дана кірпіш өндіреді. Бұл зауыттың ашылуы 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, бүгінде оның 50-уі ашылған.

Серіктестік құрылтайшысы Марат Нәбиевтің айтуынша, зауыттың құрылысы 1 жылдың ішінде аяқталды.

«Келер жылы 24 млн дана, ал 2017 жылы 35 млн дана кірпіш өндіруді көздеп отырмыз», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар