• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаевқа Испания қоғамдық ұйымдарының басшылары түзеу лагерінде жазасын өтеген испан тұтқындары туралы архивтік материалдарды тапсырғаны үшін зор алғыс айтты

Н. Назарбаевқа Испания қоғамдық ұйымдарының басшылары түзеу лагерінде жазасын өтеген испан тұтқындары туралы архивтік материалдарды тапсырғаны үшін зор алғыс айтты

7 Қараша, 2013 12:31
Бүгін, 7 қараша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Испания қоғамдық ұйымдары басшыларынан Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде жазасын өтеген испан тұтқындары туралы архивтік материалдарды тапсырғаны үшін зор алғыс айтылған хат келіп түсті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл материалдар Испания Үкіметінің төрағасы М.Рахойдың Астанаға ресми сапары кезінде табыс етілген еді», - деп хабарламада нақтыланған.

«Сіз бұрынғы КСРО республикалары арасынан біздің елдің сонау қасіретті жылдардағы тарихи естелігін қалпына келтіруде ізгілік танытқан және көмек көрсеткен алғашқы және әзірше бірден-бір Мемлекет басшысы болып саналасыз. Біз Сізге терең ықыласымыз бен ризашылығымызды білдіреміз», – делінген «AGE» қорының (Испанияның соғыс және эмиграция мұрағаттары) Бас хатшысы Д.Кабра, «Ностальгия» қорының президенті М.Арсе және т.б. жолдаған хатта.

Сондай-ақ, хат авторлары материалдардың өз туған-туысқандары және Испанияның зерттеуші ғалымдары үшін баға жетпес құнды құжаттар болып есептелетіндіктен ерекше маңызды екенін атап өткен.

Бұл оқиға испандық БАҚ-тардың және ел жұртшылығының ерекше назарын аударды.

 

Барлық жаңалықтар