• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Қарағанды облысында жыл соңына дейін 6 млрд теңгенің 2 жобасы іске қосылады

ИИДМБ: Қарағанды облысында жыл соңына дейін 6 млрд теңгенің 2 жобасы іске қосылады

10 Желтоқсан, 2015 10:46
Қарағанды облысында ИИДМБ аясында жыл соңына дейін 6 млрд теңгенің 2 жобасы іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 101,3% сақталып тұр. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3%-ға артты. Негізгі капиталға 275 млрд.теңге инвестицияланды. Облыста 253,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1854 пәтер пайдалануға берілді. 

Жыл басынан Индустрияландыру картасы бойынша 8 жоба іске қосылды. Аталған жобаларға 12 млрд. теңге бөлініп, жаңа 500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда. 

Жыл соңына дейін тағы 2 жоба іске қосылады деп күтілуде. Бұған 6 млрд. теңгеге бөлініп, жаңа 112 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Бұл дегеніміз - облыстағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеп келеді деген сөз. 

Жалпы, Қарағанды облысын индустрияландыру нәтижесінде, Индустрияландыру картасы жобаларының жалпы саны 97-ге дейін жетеді. 1,3 астам млрд. теңге инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындарының саны 11500-ге жетеді.

 

Барлық жаңалықтар