• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Жангуразов: Қазақстанда 140-тан астам инвестордың қатысуымен 150 жоба жүзеге асырылды

Б.Жангуразов: Қазақстанда 140-тан астам инвестордың қатысуымен 150 жоба жүзеге асырылды

9 Желтоқсан, 2015 15:12
Қазақстанда бүгінде 140-тан астам инвестордың қатысуымен 6 млрд долларға 150 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов ОКҚ-да.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда ИИДМБ жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі – тікелей шетелдік инвестицияларды тарту. Бүгінде әлемдегі ахуал тұрақсыз, алайда Қазақстан инвестициялар тартуды жалғастыруда», - деді Б. Жангуразов.

Оның айтуныша, Қазақстанда бүгінде 140-тан астам инвестордың қатысуымен 6 млрд долларға 150 жоба жүзеге асырылды.

«Бүгінде 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Тікелей шетелдік инвестициялардың басым бөлігі ИИДМБ-ның басымдық берілген бағыттарына тартылуда», - деп  толықтырды Б. Жангуразов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар