Астанада Жастар ресурстық орталықтарының жұмысы талқылануда

9 Желтоқсан, 2015 16:21
«Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру: стандарт және қызметін бағалау жүйесі» тақырыбындағы республикалық семинар-тренингі күндері аралығында Астана қаласында өткізіліп жатыр, деп хабарлады БҒМ.

Оның қатысушылары білім, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының өкілдері,  сондай-ақ Қазақстанның 16 өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) басшылары мен қызметкерлері болып табылады.

Аталған семинар - ҚР БҒМ-н ағымдағы жылы өткізілген республикалық және көшпелі семинарлар аясында жүргізілген ауқымды жұмыстардың жалғасы. Сонымен қатар, «Жастарға мейірімді мекен» республикалық жобасын жүзеге асыруға қосылған жастар ресурстық орталықтарының тәжiрибесiн біріктіруге және дамытуға мүмкіндік береді.

Семинар барысында қатысушылар қазақстандық жастар ресурстық орталықтарының даму тәжірибесін қорытындылап, жастар ресурстық орталықтары әдістемелік ұсынымдарын бағалау жүйесі мен қызмет ету стандарттарын әзірлейді. Сонымен қатар облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының ішкі өзара қарым-қатынастар форматы, орталықтардың ішкі саясат бөлімдерімен және жастар ұйымдарымен жұмысын талқылау жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар